2025 жылғы грант иегерлері белгілі болды
Фото: gov.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биылғы гранттардың 60 пайызы инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінді. Бұл шешім экономиканың басым бағыттары үшін білікті мамандар даярлау қажеттілігімен байланысты.
Конкурс нәтижесінде мемлекеттік тапсырыстың 99 пайызы игерілді.
Министрліктің мәліметінше, биыл «Серпін» бағдарламасына қатысуға ниетті жастардың саны артқан. Нәтижесінде 2 мыңнан астам түлек еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі жоғары оқу орындарына қабылданады.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында 77 мыңнан астам грант бөлінді. Сонымен қатар, шетелдік жетекші университеттермен серіктестікте жұмыс істейтін еліміздің 20-ға жуық жоғары оқу орны студенттерді қабылдауға кірісті. Бұл — Қазақстанды өңірлік білім беру орталығына айналдыру жолындағы маңызды қадам.
2025 жылғы конкурсқа 113 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп. Гранттарды бөлу кезінде әлеуметтік осал топтарға арналған заңмен белгіленген квоталар сақталған.
Дарынды жастарды қолдау мақсатында халықаралық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурссыз грант беру көзделген.
Жоғары білімге қолжетімділікті арттыру үшін қосымша тетіктер іске қосылды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 5 жасар балаларға есепшот ашу кезінде бастапқы білім беру капиталы төленетін «Келешек» жинақ жүйесі енгізілді. Жүйе аясында мемлекеттік қолдаудан бөлек, екінші деңгейлі банктер мен сақтандыру ұйымдарының сыйақысы төленеді. Жиналған қаражатты «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясындағы қаражатпен біріктіруге болады.
2024 жылы алғаш рет оқуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған сараланған гранттар тағайындалды. Қалған соманы талапкерлер өз қаражаты немесе жеңілдетілген оқу несиесі арқылы өтей алады. 2025 жылы мұндай гранттар саны 300 болады. Конкурс биылғы қыркүйек айында өтеді.
Биыл алғаш рет мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген азаматтарға 2010 білім беру гранты бөлінді. Мақсат — әскери қызметін аяқтаған жастардың жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету және олардың азаматтық өмірге бейімделуіне жағдай жасау.
Грант иегерлерінің толық тізімі министрліктің ресми сайтында, сондай-ақ Telegram-арналарында және Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында қолжетімді.
Мемлекеттік білім беру гранты туралы куәлікті үш жұмыс күні ішінде https://grant.testcenter.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру 25 тамызға дейін жүргізіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық