2025 жылға дейін Қазақстанның ауыл шаруашылығына 4,4 трлн бөлінеді
2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында 4,4 триллион теңгені құрайтын 934 инвестициялық жобаның пулы жасалды. Мұндай ақпаратпен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бөлісті.
– Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған Жол карталарын әзірлеп, бекітті. Жол карталарына сәйкес жалпы сомасы 4,4 триллион теңгені құрайтын 934 инвестициялық жобаның пулы жасақталды, - деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Ол бұл жобалар пулынан негізгі бағыттар анықталғанын түсіндірді:
- ет (бордақылау алаңдары, репродукторлар, мал сою пункттері, ет комбинаттары) – 1 трлн теңгеге 301 жоба;
- жылыжай кешендері – 1 трлн теңгені құрайтын 67 жоба;
- сүтті мал шаруашылығы – 452 млрд теңгеге 186 жоба;
- құс шаруашылығы – 373 млрд теңге сомасында 47 құс фабрикасы;
- өсімдіктерді өңдеу саласына – 300 млрд теңгені құрайтын 73 жоба.
- бес жыл ішінде қантпен қамтамасыз ету 80%-ға дейін артады, жобалардың жалпы сомасы 228 млрд.
- қарқынды көгалдандыру – 100 млрд теңгені құрайтын 32 жоба;
- басқа да бағыттар аясында жалпы сомасы 834 млрд теңгені құрайтын 225 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде суару, тұқым шаруашылығы, азық-түлік өндірісі жобалары бар.
Министр 2021 жылға жоспарланған 263 млрд теңгені құрайтын 285 жобаның ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 241 млрд теңгеге 268 жоба пайдалануға берілгенін түсіндірді.
Әкімдіктердің мәліметінше, 2021 жылдың соңына дейін жалпы құны 22 млрд теңгені құрайтын 17 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазірдің өзінде жүзеге асырылған жобалар бойынша Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстары көш бастап тұр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық