2024 жылы үміткерлер көп таңдаған мамандықтар
Қазақстанның 2024 жылға арналған мемлекеттік білім гранттарының қорытындылары таныстырылды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
«Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға барлығы 104 мыңнан астам өтініш түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға көп» делінген хабарламада.
Ең ірі конкурс «Стоматология» мемлекеттік білім беру бағдарламасын таңдаған талапкерлер арасында өтті – бір орынға 35 адам таласты. Одан кейінгі орында «Халықаралық қатынастар және дипломатия» (11 адам), «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» (10 адам), «Аударма ісі» және «Психология» (тоғыз адам).
Үміткерлер арасында ұпайлары тең болған жағдайда басым құқығы бар 22 мыңнан астам талапкер, атап айтқанда «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу озаттары жеңіске жетті.
Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамыз күні аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқу ақысын ішінара төлейтін сараланған гранттар алғаш рет 2024 жылы енгізілген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық