2024 жылы елімізде іздеуде жүрген 2 мыңға жуық күдікті ұсталды
2024 жылы қазақстандық полицейлер түрлі қылмыс жасады деген күдікпен 1949 адамды ұстады, із-түзсіз жоғалған 1361 адамның жүрген жерін анықтады, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап Orda.kz.
«2024 жылы Ішкі істер министрлігі Қазақстанның құқық қорғау органдары тізімінде іздеуде жүрген 1949 күдіктіні ұстады. Сонымен қатар, 1361 із-түзсіз жоғалған адамның мекен-жайы анықталды» деп жазылған хабарламада.
2024 жылы құқық қорғау органдары кісі өлтіру бойынша – 43, қарақшылық – 22, денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 37, зорлау – 6, тонау – 68, бопсалау – 21, ұрлық – 484, есірткі қылмыстары бойынша – 91 күдікті ұсталды. ТМД елдері мен алыс шетелдер бойынша 844 қылмыскер ұсталды.
Мәселен, Шымкентте мемлекетаралық іздеуде болған 52 жастағы ер адам ұсталды. Ол 2023 жылдың қараша айында қарызын өтей алмағандықтан қала тұрғынына тапаншадан оқ атқан.
Семейде ұсталған тағы бір күдікті, тергеушілердің айтуынша, Алматыда қоғамдық көлікте қалта ұрлығымен айналысқан. Оған және оның сыбайластарына 42 қылмыстық әрекет бойынша айып тағылып отыр.
Жаңалықтар
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады