2024 жылы 55 мың адам Қазақстан шекарасында заң бұзған — ҰҚК
Коллаж Orda.kz
2024 жылы Қазақстан шекарасында 55 мың адам заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
ҰҚК мәлімдемесіне қарасақ, шекара кеңістігінде 55 мыңнан астам Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 324 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды. 383 шетел азаматының шекараны бұзу әрекетінің жолы кесілді.
Мемлекеттік шекара арқылы 15 041 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды:
- 451 – есірткі заттары (2 тонна 300 келіден астам);
- 886 – қару мен оқ-дәрілер;
- 455 – діни әдебиет (24 087 дана);
- 5 283 – 160 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
- 6 086 – 70 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
- 1 880 – 19 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Сондай-ақ, Каспий акваториясында 390 браконьерлік фактінің алды алынды.
«196 дана жүзу құралдары, жалпы ұзындығы 536 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары,
1 994 дана (11 379 келі) бекіре тұқымдас балықтар,
87 814 дана (98 296 келі) ұсақ тұқымдас балықтар,
117 дана итбалық тәркіленді. Алды алынған залал сомасы 4,6 млрд теңге болды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді», деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық