2024-2025 жылдары баспана тапшылығы болуы мүмкін – құрылысшылар одағы
Фото: Pixabay
Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев елде күзге қарай құрылыс материалдарының бағасы қымбаттайды деген болжам жасады.
«Құрылыс материалдары нарығындағы өндірістік және сауда-саттық тұрақсыздыққа байланысты бүгінде көптеген компаниялар жоспарларын қайта қарап, құрылыс көлемін қайта есептеп жатыр. Сондықтан алдағы уақытта, 2022 жылы болмаса, 2024-2025 жылдары баспана тапшылығы сезілуі мүмкін» деді Талғат Ерғалиев.
Маманның айтуынша, құрылысқа қажетті негізгі материалдар сырттан әкелінеді. Демек, оның бағасы қазіргіден де қымбаттауы мүмкін.
«Кейінгі 7 жылдағы жағдайды алып қарасақ, сол арқылы алдағы уақытқа болжам жасасақ, баспана нарығындағы инфляция 12-14 пайыз болып, құрылыс материалдарының бағасы кемінде 10-15 пайыз қымбаттайтынын көреміз. Сондықтан ахуал тұрақтана қоймайды. Керісінше осы қарқынмен шиеленісуі мүмкін» деді Ерғалиев.
Ол өз болжамын былай түсіндірді.
«Ресейге қарсы салынып жатқан санкциялардың құрылыс нарығына түсіретін шынайы салмағын біз тамыз-қазан аралығында сезінеміз. Әзірге материал мен тауардың қоры жеткілікті. Бірақ шамамен күзден бастап санкциялардың шынайы әсерін көреміз. Осы кезде құрылыс бағасы қайта қымбаттайды» деді құрылысшылар одағының басшысы.
Еске салсақ, бұған дейін Құрылысшылар қауымдастығының басшысы Виктор Микрюков алдағы екі айда баспана қымбаттамайтынын айтқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық