2023 жылы зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қандай болады?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылғы зейнетақы мен жәрдемақы көлемін таныстырып, бұл мақсатқа 4,6 триллион теңге бөлінгенін хабарлады.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда 4,4 миллион алушыға зейнетақы мен жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері ұлғаяды. Еңбек министрлігі бұл мақсатқа республикалық бюджетте 4,6 триллион теңге қарастырылғанын хабарлады.
- Базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсуін ескере отырып, сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оның ең ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54%-дан 60%-ға дейін ұлғаюына байланысты өсті. Ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен бұрын 2 пайызға өсті. Сонымен қатар, ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қолданылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке, яғни 158,7-ден 189,8 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, - деп түсіндірді министрлік.
Нәтижесінде бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 68,2-ден 77,4 мың теңгеге дейін өсті. Зейнетақыны көтеру 2,2 миллион зейнеткердің барлығын қамтыды.
Сонымен қатар мүгедектік және асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы көлемі ұлғайтылды.
- Осылайша, жұмыс істейтін әйелдерге де, жұмыс істемейтін әйелдерге де, бала туылуына төленетін мемлекеттік қолдаудың мөлшері қазір: бірінші, екінші және үшінші балаға 38 АЕК немесе 131 100 теңгені құраса, 2022 жылы 120 840 теңгені құрады; төртінші және одан жоғары балаға – 63 АЕК немесе 217 350 теңге, 2022 жылы – 200 340 теңге, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, республикалық бюджеттен жұмыс істемейтін ата-аналарға бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындалады, оның мөлшері де АЕК өсімін ескере отырып, биылдан бастап 8,5%-ға өсті.
Жұмыс істейтін ата-аналар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Биылдан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылды.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау үшін олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері 2023 жылы 56 794 теңгені құраса, бұрын 52 345 теңге болатын.
Жаңа жылда көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері де АЕК өсімін ескере отырып өсті: төрт балалы отбасыларға ай сайын 55 304 теңге төленетін болады, бұрын бұл сома 50 976 теңге болатын; бес балаға – 69 138 теңге, бұрын төленген 63 728 теңге; алты баламен – 82 973 теңге, бұрын – 76 479 теңге; жеті баламен – 96 807 теңге, бұрын – 89 231 теңге; және әрбір сегізінші және одан кейінгі балаға – 13 800 теңге болды, бұрын – 12 720 теңге болған.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт