2023 жылы Ұлттық қорға түсетін салық 26,7%-ға кеміген
2023 жылы Ұлттық қорға 4,5 трлн теңге салық пен төлемдер түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2022 жылы Ұлттық қорға түскен қаражат көлемімен салыстырғанда (6,4 трлн теңге) кірістер 26,7 пайызға азайған.
Төлемдер бойынша алдыңғы жылдардағыдай мұнайлы өңірлер көш бастады. Атырау облысы Ұлттық қорға 2,6 трлн теңге (2022 жылы – 3,6 трлн теңге), Батыс Қазақстан облысы – 946,6 млрд теңге (2022 жылы – 1,3 трлн теңге), Маңғыстау облысы – 582,2 млрд теңге (2022 жылы – 895) теңге аударған.
Сондай-ақ, қазынаға Ақтөбе облысынан 147,7 миллиард теңге, Қызылорда облысынан 120 миллиард теңге, Астанадан 115,6 миллиард теңге түсті.
Төлем түрлері бойынша түсімдерді қарастыратын болсақ, ең үлкен көлем мұнай секторындағы компаниялар төлейтін ҚӨС салығына келеді. Салықтың бұл түрі бойынша Ұлттық қорға 1,5 триллион теңге түсті. Мұнай компанияларынан түскен пайдалы қазбаларды өндіру салығы шамамен 1,3 трлн теңге болды. Ал жасалған келісім-шарттар бойынша өндіруді бөлудегі Қазақстан үлесі 1 трлн теңгеден асқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық