2023 жылы өңірлерге 1235 жаңа автобус жөнелтілді: оларды кімдер алды?
Коллаж: Orda.kz
Еліміздің өңірлеріндегі қоғамдық көлік парктеріне 1235 автобус қосылды. Жаңа техниканың басым бөлігі Астанаға, шамалысы Жетісу өңіріне жөнелтілді, деп хабарлайды Orda.kz ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мекеменің түсіндіруінше, Индустриялық даму қорымен бірлесіп, еліміздің қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Индустрияны дамыту қоры автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында еліміздің барлық өңірлерінен 4333 жолаушылар автобусын сатып алуға ақша бөлді, оның 130-ы электрмен, 1737-сі газбен жүретін, 2466-сы дизельдік көліктер» деп хабарлады Көлік министрлігі.
Биыл Қазақстанның барлық аймақтарында қоғамдық көліктер паркі жаңартылды. Жаңа автобустардың көбі Астанаға - 259, Павлодар облысына - 241 және Қызылорда облысына - 130 көлік жіберілді.
Алматыға 17 автобус, Жетісу өңіріне екеуі жөнетілді.
• Ақтөбе облысына – 109 автобус;
• Түркістан облысына – 89 автобус;
• Атырау облысына – 62 автобус;
• Қостанай облысына – 57 автобус;
• Маңғыстау облысына – 52 автобус;
• Қарағанды облысы мен Шығыс Қазақстан облысының әрқайсына 44 автобустан;
• Алматы облысына – 36 автобус;
• Солтүстік Қазақстан облысына – 33 автобус;
• Батыс Қазақстан облысына – 29 автобус;
• Шымкентке – 25 автобус;
• Ақмола және Абай облыстарына – үш автобустан.
«Жаңа автобустар халықаралық экологиялық стандарттарды ескере отырып жасалған, жолаушыларды ыңғайлы және қауіпсіз тасымалдау үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған: кондиционер, өрт сөндіргіштер, бейнебақылау, механикалық пандустар» делінген хабарламада.
Көлік министрлігі жаңа автобустардың Қазақстан климатын ескере отырып жасалғанын - олар солтүстік өңірлерге арналған салондардағы қосымша пештер мен ауа алмастырғыштармен жабдықталғанын атап өтті.
2024 жылы еліміздің қоғамдық көлік паркін жаңарту жалғасады.
Автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жеңілдетілген шарттармен отандық қоғамдық көліктерді сатып алуға мүмкіндік беретіні де айтылды.
Ал, желтоқсан айында еліміздің барлық өңірін шарпыған аяз кезінде әр қаладан келген қазақстандықтар қоғамдық көліктің жетіспейтіндігіне жаппай шағымданды. Автобустар қатып қалған дизель отынына байланысты жұмысқа шыға алмады.
Алматыда бірнеше жылдан бері қоғамдық көлік мәселесі өте өткір тұр. Оңтүстік астана тұрғындары автобустарға сыймай далада қалады, сыйғаны «консерві қалбырындағы балықтар» сияқты сығылысып, ауыздарын бақадай ашып, балалар жылап, үлкендер қарғап, аяғы ауыр келіншектер талып, әупірімдеп әрең жететініне шағымданады. Бұл туралы Orda.kz тілшісі қала тұрғындарының өтінішіне құлақ түріп, мақала жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық