2023 жылы Алматыдағы клубтар мен спорт секцияларына 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
Алматыда 2023 жылға арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасына 16,2 млрд теңге қарастырылған. Билік қанша баланы қамтуды жоспарлап отыр.
2022 жылдың басынан бері Алматыда шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына 19 млрд теңге бөлінді. Бұл 70 мыңға жуық баланы қамтуға мүмкіндік берді.
— Бағдарламаны жүзеге асыру барысында әкімдік жан басына шаққандағы artsport.edu.kz қаржыландыру платформасындағы кемшіліктерден туындаған күрделі мәселелерге тап болды. Бұл мемлекеттік деректер базасымен интеграцияның жоқтығына, балалар мен жеткізушілердің жеке басын сенімді сәйкестендірудің мүмкін еместігіне, ЭСҚ қолданбай баланың заңды өкілінің есеп картасын растауына және басқа да аспектілерге қатысты, - деді қала әкімі Ерболат Досаев қалалық мәслихаттың сессиясында.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әкімдіктерге бағдарламаны жүзеге асыру алаңын дербес таңдауға мүмкіндік беретін өзгерістер күшіне енеді. Жақын арада ашық конкурс жарияланып, оның қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады.
2023 жылға арналған бюджетте шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасына 16,2 млрд теңге қарастырылған. Сома азайғанымен, 70 мыңнан астам бала да қамтылады.
Сондай-ақ 2023 жылы Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» шағын ауданында және Алатау ауданындағы Нұркент шағын ауданында әрқайсысы 675 орындық инновациялық шығармашылық орталықтары құрылысын аяқтау жоспарлануда, жобаның жалпы сомасы 3,1 млрд.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық