2023 жылдан бастап өзбек ағайындар латын әліпбиіне көшпек
Өзбекстан үкіметі ресми құжаттар мен ақпарат құралдарын түбегейлі латын әліпбиіне көшіру туралы қаулы қабылдады. Қаулы 2023 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енбек.
Өзбекстан билігі латын әліпбиіне көшуді 1993 жылы жоспарлаған. Оларда 2000 жылдың соңына қарай аяқтаймыз деген үміт болған. Өзбек тіліне арналған латын әліпбиі нұсқаларының қайта қарастырылуына байланысты бұл шешім бірнеше рет кейінге шегерілді. Нәтижесінде елде бір мезгілде екі жазу қатар жүрді. Кейбір іс-қағаздары іс жүзінде орыс тілінде жүргізіліп жатқан көрінеді.
2020 жылы қазан айында президент Шавкат Мирзияев үкіметке үш ай ішінде жұмыс тобын құрып, президент әкімшілігіне латынға негізделген өзбек әліпбиіне тұтас көшу жоспарын жасауды тапсырған. Ақпан айында үкімет аталған жоспарды бекітті.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық іс-қағаздар, төлқұжаттар, жер-су аттары, ұйым, мекеме атаулары, баннерлер, ақпарат құралдары, жарнама, хабарландырулардың барлығы латынша жазылуы тиіс.
Қазақстан да латын қарпіне көшу үрдісін қолға алды. 2017 жылы Қазақстан 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуді жоспарлаған, белгілі себептермен кейінге шегерілген.
Орталық Азия елдері кеңес дәуірінде енгізілген кириллица қарпінен бас тартып жатыр. Кеңестік дәуірге дейін Орталық Азия елдерінде латын, арап тағы басқа да әліпби қолданылған. Кеңес Одағы тұсында құрамдағы барлық 15 республика жазуы кириллицаға ауыстырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық