2023-2024 оқу жылына арналған білім гранттары жарияланды
Жоғары білімнің барлық деңгейлері үшін 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранттарының тізімі жарияланды. Биыл жоғары оқу орындарында білім алуға 88 мың грант бөлінді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Ең көп грантты «Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс саласы» білім беру бағдарламалары топтары алды, олардың саны 18 744 грант болды. Одан әрі «Педагогикалық ғылымдар» – 12 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 10 103 грант, «Жаратылыстану, математика және статистика» – 7 388 грант.
Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы бойынша талапкерлерге 3653 грант бөлінді. Айта кету керек, «Серпін» жобасы бойынша оқытудың 4 бағыты бойынша білім алуға болады: педагогика ғылымдары, техника, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы.
Бағдарламаға оңтүстік өңірдің ауыл жастары қатысады. Бітіру грантын өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға дейін қысқарды. Сондай-ақ, бұған дейін мамандар өздері дайындаған өңірде ғана жұмыс істесе, енді 11 өңірде жұмыс істей алады.
2023-2024 оқу жылында бакалаврға түсуге барлығы 73 мыңға жуық грант бөлінді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттардың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар биылғы жылы халық тығыз орналасқан, батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастарына гранттар бөлінді. Талапкерлер дұрыс таңдау жасайды деп сенемін. ұсынылған ақпаратқа сүйене отырып», - деді ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Магистратураға түсуге 13 мыңнан астам грант, докторантураға түсуге 1800-ден астам грант бөлінген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық