2022 жылы грант көп бөлінетін мамандықтар белгілі болды
ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, 2025 жылға қарай жастардың 100%-ы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етіледі.
Бұған дейінгі жылдардағыдай алдағы уақытта да педагогика, IT және техникалық бағыттағы білім салаларына грант көбірек бөлінетіндігі белгілі болды.
— Гранттарды министрлік өз бетінше бөлмейді. Оны үлестіретін арнайы әдістеме бар. Жұмыс берушілер, «Атамекен» палатасы және еңбекпен қамту министрлігімен грант бөлу бағыты бойынша жұмыс істейміз. Олар бізге жетіспейтін мамандар бойынша мәлімет береді, кейін нарыққа қажет және керісінше саны тым көп мамандар тізімі жасалады. Мұның алдындағы оқу жылында тек 3,5 мыңға жуық грант игерілмеді. Олар «Серпін» бағдарламасы бойынша бөлінген гранттар болатын. Ал жалпы конкурсқа берілген гранттар толықтай игерілді деп айтуға болады. Қазірдің өзінде бізде келесі оқу жылы бойынша бұйрық бар. Сол бұйрықта гранттың нақты қай білім беру бағытына бөлінетіні туралы ақпарат көрсетілген. Ең көп бөлінетін бағыттар – педагогика, IT және техникалық білім салалары. IT бағыты бойынша грантты екі есе арттырып, санын 9 мыңнан асырдық. Гранттардың көбісін осы үш бағытқа бөліп отырмыз. Өткен жылдары да осы үш салаға көп бөлінді, келесі жылдары да осы қалыптасқан тренд жалғасады, - дейді Аймағамбетов.
Министр 2025 жылға қарай жастардың 100%-ы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
— Колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларын заманауи жабдықтармен жарақтандыру бойынша жұмыс жалғасады. «Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер базасында 20 құзыреттілік орталығы құрылатын болады. Барлық колледжде WorldSkills талаптарын ескере отырып, құзыреттілікті айқындау бойынша демонстрациялық емтихан енгізіледі, - деді министр.
Сонымен қатар ұлттық жоба шеңберінде 20 академиялық ұтқырлық орталығы және 2 озық ЖОО құрылады, оның 15-і өңірлік, 5-і педагогикалық.
— 2025 жылдың соңына дейін шетелдік ЖОО 5 филиалын ашу жоспарлануда. Бұл жастардың шетел асып кетуін азайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпорындар, орталықтар базасында дағдылар мен құзыреттерді дамыту бойынша үздіксіз білім беру, сондай-ақ, техникалық және кәсіптік немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін қолдау қамтамасыз етіледі. ЖОО-ларда зерттеу экожүйесінің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық