2022 жылы Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттайды
Қазақстанда тұрғын үйге деген сұраныс әлі де жоғары. Себебі, 2 млн адам баспанасыз жүр.
Бұл туралы Orda.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.
Үйсіз-күйсіз жүрген 2 млн адамның 1 млн 700 мыңы Отбасы банкінде салымшы, ал 500 мыңы әкімдікте үйге кезек күтуде.
Ал нарықта небәрі 11 млн шаршы метр, яғни, 172 мың пәтер сатылымға шыққан.
Жыл соңына дейін үй бағасы 5%-ға, ал 2022 жылдың наурызында жаңа үйлер 10-15 пайызға қымбаттайды. Бағаның өсіміне импорттық құрылыс материалдарының қымбаттауы, доллардың өсуі, жұмысшылар айлығын көбейту әсер етпек.
– Қазір құрылыс заттары 90 пайызға қымбаттады. Ал тұрғын үйдің бағасы 30-40 пайызға көтерілді. Шаршы метрдің де бағасы бір уақытта, бір айда қымбаттамайды. Ол 5-6 айға созылады, - деді Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.
Айта кетсек, 2022 жылы азаматтар зейнетақы қорындағы шекті сомадан асатын қаражатын Отбасы банкіндегі депозитіне аудара алады. Бұл мүмкіндікті қазірдің өзінде 190 мың отбасы пайдалануға дайын.
– Құрылыс компаниялары бірігіп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы салынатын үйлерге, объектілерге, басқасы бар «біз бітіре алмай қалдық, өйткені құрылыс материалдары қымбаттады» деп қосымша 270 млрд теңге сұрап отыр. Бұл жағдайды пайданалып кеткісі келіп тұрған кәсіпкерлер де бар. Көбірек ақша алып алайық, көбірек бөлінсін деген сияқты. Тым созуға да болмайды. Созатын болса нысандар сол күйі қалып қалуы мүмкін, - дейді экономист Мақсат Халық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық