2021 жылдан бастап ЖОО-да мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
bilimdinews
Осы жылдан бастап университеттер студенттің білімін растайтын құжатты өз қалауларына қарай береді. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.
Жұмыс беруші өз кезегінде білімін мойындамайтын ЖОО түлегін қабылдамауға құқылы. Ендеше алда университеттер арасында бәсекелестік қарқыны артары анық.
Бәріне таныс көк немесе қызыл дипломдар биылдан бастап берілмейді. Дәлірек айтсақ, енді дипломда Білім және ғылым министрлігінің мөрі болмайды. Бұл шаралар университеттер арасындағы бәсекелестікті арттыруға бағытталған. Алайда, олар әлі ашық бәсекеге дайын емес.
Абитуриенттер оқу орнына жәй ғана қағаз үшін емес, беретін біліміне қарай түсетін болады.
Егер де диплом берілмейтін болса, оның көшірмелерін жасау басталады деген пікірлер де пайда болды. Оған министрлік:
«Жалған диплом жасау мүмкін емес. Біріншіден, әр университет құжаттың бланкасын қорғаныш белгілерімен жасайды. Екіншіден, әрбір құжат министрліктің бірыңғай реестіріне тіркеледі».
Айта кетсек, өзіндік үлгідегі диплом жасау ішкі істер, қорғаныс және медицина университеттеріне қатысы жоқ. Колледж түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық