2021-2022 оқу жылына білім беру гранттарының қорытындысы шықты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылына білім беру гранттарының қорытындысын жариялады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
2021-2022 оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 56 мыңнан астам грант бөлінді. Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша гранттардың жалпы саны 5000-ға артты. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 13 шілдеде басталып, 20 шілдеге дейін жалғасты.
Білім беру гранттары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне және жұмыс берушілердің сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратына сәйкес бөлінді.
Гранттардың ең көп саны инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына бөлінді – 17 028 грант. Педагогикалық ғылымдар – 9573 грант, ақпараттық – коммуникациялық технологиялар – 7487, жаратылыстану ғылымдары – 4088, ауыл шаруашылығы ғылымдары – 1895, денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға – 2700, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1615, бизнес, басқару және құқық – 1223, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат мамандықтарына 960 грант бөлінді.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» («Серпін») бағдарламасы шеңберінде де гранттар қарастырылған.
Студент аталып отырған жастар ЖОО тіркелу үшін құжаттарын 25 тамызға дейін бере алады.
2021-2022 оқу жылындағы білім беру гранттары мен биылғы грант иегерлерінің толық тізімі ашық дереккөзде орналастырылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық