2020 жылдың ең ықпалды әйелдері кім? Олар немен айналысады?
Америкалық Finencial Times басылымы 2020 жылғы ең ықпалды 12 әйелді атады. Бұл туралы Orda. хабарлайды.
Америкалық басылым аталған әйелдерді дағдарыспен күресіп, заманауи мәселелерге назар аударған, деп жазады.
Рейтингтің көшін Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн бастап тұр. Министр пандемияға жедел назар аударумен көзге ілінді.
Екінші орынды коронавирус вакцинасын шығаратын Biontech компаниясының жетекші ғалымы Озлем Туречи иемденді. Ғалым иммундық реакциялар үшін МРНҚ қолдану саласындағы жетістіктерге қолжеткізген санаулы ғалымдардың қатарында.
Келесі орындарда АҚШ-тың вице-президенті болатын Камала Харрис, беларустық оппозиционер Светлана Тихановская және америкалық саясаткер Стейси Абрамс.
Кейінгі позицияны жұмысбасты аналар алды. Оған белгілі әйелдер емес, барлық жұмысбасты аналар ілікті. Себебі, олар пандемия кезінде балаларға білім беру мекемелерінің жабылуына қарамастан өз мансабын жалғастырған.
Редакторлар тізімнің соңында биыл өз елінің экономикасын жақсартқан Тайвань президенті Цаи Инг Венді, коронавируспен күресуде шешуші шаралар қабылдаған Германия канцлері Ангела Меркельді, АҚШ Жоғарғы сотының судьясы Рут Гинзбургті, америкалық саясаткер Александр Окасио-Кортесті, Үндістан денсаулық сақтау министрі К.К.Шайлайды және америкалық әнші Тейлор Свифтті атап өткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық