2017 жылы іске қосылуы керек шыны зауыты қолданысқа беріледі
Қызылордада «Orda Glass Ltd» шыны зауытының балқыту пеші жанды.
«Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметі бұл зауыт іске қосылғанға дейінгі сынақ кезеңі екенін айтты.
Ұлттық холдингтің басқарма төрағасы Айдар Арифхановтың айтуынша, шыны өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы King Charm Development Limited-тен стратегиялық инвестор тартылған.
Құрылысты қытайлық King Charm Development Limited компаниясы аяқтап жатыр. 2017 жылдың тамыз айында Orda Glass Ltd және China Triumph International Engineering Group Co., Ltd (CTIEC) арасында нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2018 жылдың 1 тамызына дейін аяқтау туралы келісімшартқа қол қойылды.
Бұрынғы мердігер «Шымкентхиммонтаж» ЖШС міндеттемелерді тиісінше орындамағаны және сапасыз орындалған жұмысы үшін жұмыстан босатылған.
«Зауыт құрылысын аяқтау мерзімі жыл сайын бірқатар себептерге байланысты кейінге қалдырылды. Оның ішінде қатысушылардың жобадан шығуы, коронавирустық індет, мердігердің мерзімін өткізіп алуы, ақауларды жою және т.б. Енгізілген шектеу шараларына қарамастан мемлекеттік комиссия құрылысты аяқтауға қажетті Қытайдан жоғары білікті мамандардың елге келуіне рұқсат берді» деді холдингтің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бастапқы жоспар бойынша қаңылтыр шыны зауыты сонау 2017 жылы іске қосылуы тиіс болатын.
Зауыт құрылысына 300 адам жұмылдырылған. Болашақ зауытта 226 жұмыс орны пайда болады.
Жобаның Қазақстан үшін құны 43,7 млрд теңгені құрайды, оның 33,6 миллиарды «Бәйтерек» холдингінің – Қазақстанның Даму банкінен алынған қарыз.
Зауыттың түпкілікті іске қосылуы 2022 жылдың наурыз айына жоспарланған, ал өнімнің алғашқы коммерциялық шығарылымы 2022 жылдың сәуір айының басына жоспарланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық