200 мың казақстандық елден кетті
Бес жыл ішінде 200 мыңға жуық адам Қазақстаннан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) басқа елдеріне кетті. Осындай мәлімдемені еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
- Сыртқы көші-қонның теріс сальдосы 22 мың адамға жеткен. Соңғы бес жылдағы негізгі бағыт бойынша ТМД елдеріне 200 мыңға жуық адам кеткен, – деді Молчановская жұма күні Қазақстанның еңбек нарығы туралы алғашқы ұлттық баяндаманы таныстыру кезінде.
Оның айтуынша, мобильді жастар негізінен шетелге оқуға барып, көп жағдайда сол мекенде қоныстанып, қалып қояды.
Сондай-ақ, Қазақстанда ішкі көші-қон өсуде.
- Пандемияға байланысты көші-қон ағындарының қарқыны баяулады. Дегенмен, көші-қон көрсеткіші 2020 жылы 2015 жылмен салыстырғанда екі есе жоғары, - деп атап өтті сарапшы.
Молчановскаяның айтуынша, ішкі көшіп-қонушылар көбінесе бұрынғысынша республикалық маңызы бар қалалар мен өнеркәсіптік батыс өңірлерді таңдайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық