200 күн түрмеде отырған 16 жасар бала
Фото: Orda.kz
Өзін-өзі қорғағаны үшін сотталып, түрмеде 200 күн өткізген 16 жастағы Эмиль Трапезниковтың қорғаушылары және отбасымен Orda.kz тілшісі сұхбаттасты.
6 қарашада Жоғарғы сот Эмильді толық ақтап шығарды, сол күні кешке ол туыстарының ортасында болды. Жасөспірім сабырлы әрі сергек көрінді, алайда оның көзінен 16 жастағы баланың күрт есейгені байқалды.
«Мен үшін қамауда өткізген осы 6 ай жақсы сабақ болды. Енді бірдеңе істемес бұрын мұқият ойлану керек екенін түсіндім», – деп Эмиль сәл жымиып айтты.
Оның айтуынша, ол болған мекемелерде (екі тергеу изоляторы және кәмелетке толмағандарға арналған колония) жағдай аса нашар болмаған. «Абайсызда кісі өліміне себеп болу» бабы бойынша 1 жыл 6 ай жазасын өтеуі керек болған жерде арнайы күн тәртібі бойынша күн өткізген екен. Сонымен қатар, бос уақыттарында теледидар көріп немесе PlayStation ойнауға мүмкіндік болған.
«Эмиль басынан кешкендерді оңайлықпен ұмыта алмайды. Ол мұны өмір бойы есінде сақтайды. Қазір біз оны психологқа баруға көндіргіміз келеді, себебі оның бойында әлі де қобалжу бар», – деді Эмильдің қорғаушысы Рена Керимова.
Сондай-ақ, адвокаттардың айтуынша, мемлекет кәмелетке толмаған Трапезниковтың моральдық азабын өтеп беруі тиіс. Жоғарғы соттың қаулысын алғаннан кейін қорғаушылар моральдық зиян мен материалдық шығынды өтеу үшін талап арыз беруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта нақты сома туралы туыстарымен ақылдасып жатыр, ол шамамен 10–15 миллион теңге болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық