200 келіден астам марал мүйізі қолды болды
Зайсан ауданында 230 килограмм маралдың мүйізі жоғалды. Ұры мүйіздерді Алматы қаласында өткізіп жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлады Altaynews.kz.
Қылмыскер 23 жасар Зайсан ауданының тұрғыны болып шықты. Ұрлық өткен жылдың желтоқсан айында болған. Зайсан ауданы полициясына Зайсан қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің күзетшісі қызыл кітапқа тіркелген жануардың мүйіздері ұрланғандығын хабарлаған.
— Тексеру барысында түнде белгісіз біреу жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағына кіріп, контейнердің аспалы құлыбын бұзып, қораптарды ұрлап кеткені белгілі болды. Оның ішінде жалпы салмағы 236 килограмнан асатын марал мүйіздері болған,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Биылғы жылдың ақпанында күдікті Алматы қаласында қолға түсті. Ұстау кезінде ер адам ұрланған заттардан құтылмақ болып оларды көлігінен жолдың бойына лақтырып кеткен. Қазіргі уақытта айғақ заттар тәркіленді. Тергеу жалғасуда.
— Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық