20 жастағы қыздың өліміне кінәлі гинеколог ақталып шықты
Ақтөбеде 20 жастағы науқас Гүлдана Нұрмағанбетованың өліміне айыпталған гинекологқа үкім шығарылды, деп хабарлады Orda.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 2019 жылдың күзінде болды. Жас ерлі-зайыптылар ата-ана бақытын сезіне алмай, жеке клиникаға көмек сұрап барған.
Гүлдананың дәрігері гинекологияда кеңінен қолданылатын жатыр түтіктерін гидротубациялау процедурасын тағайындады. Тергеу нәтижелері бойынша дәрігер науқасқа метронидазол препаратының тым көп мөлшерін енгізген. Нәтижесінде Гүлдана анафилактикалық шоктан көз жұмған.
Прокуратура дәрігерді 2,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Дәрігердің өзі кінәсін мойындамады. Судья гинекологтың жас келіншектің өліміне ешқандай қатысы жоқ екенін ескеріп, ақтау үкімін шығарды.
– Метронидазолды қолдану салдарынан анафилактикалық шок болды деген факт дәлелденбеген. Сот үкімімен гинеколог кінәсіз деп танылып, қылмыс құрамы болмағандықтан ақталып шықты, - деді Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.
Жеке қаулы облыс прокурорына, полиция департаментінің бастығына және облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығына берілді. Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық