20 жаcтағы қыз павлодарлық полицейлерді алдап шақырды
Коллаж: Orda.kz
Павлодарлық 20 жастағы қыз әртістік өнерін пайдаланып, полицейлерді алдап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
102 нөміріне 20 жастағы қыздан қоңырау түсіп, ол жылап көмек сұраған.
«Менің сөмкемді ұрлап кетті, онда 100 мың 500 теңге қолма-қол ақша және көк түсті Самсунг телефоны жатты. Мен автобустан шықтым, артымдағы адам сөмкені жұлып алып, аулаға қашып кетті. Мен оның артынан жүгірдім, бірақ оны қуып жете алмадым, ол жоқ боп кетті»,
деп жәбірленуші телефонның ар жағында жылаған.
Қыз ұрының түрі мен әрекеттерін егжей-тегжейлі сипаттап, оның автобустан шығып бара жатқанда сөмкесін жұлып алғанын айтты. Оның айтуынша, ол 190-180 см бойлы ер адам, оның үстінде қара ұзын сыртқы киімі, қара шалбар және спорттық аяқ киім болған. Құқық қорғаушыларға жауап бергенде, ол ұрының қай аулаға қашқанын және өзінің қай жерге дейін жүгіргенін нақтылап айтып берді.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жетті. Топ құрамында тергеуші, қылмыстық іздестіру инспекторы және криминалист болды. Сондай-ақ іздестіруге жол-патруль қызметінің және учаскелік инспекторлар тартылды. Олар жәбірленуші көрсеткен аумаққа жақын көшелерді тексеріп, қылмыскерге ұқсас белгілері бар павлодарлықтарды тоқтатып, тексерді.
«Сондай-ақ, бейнебақылау камералары қаралды, бірақ күдікті бірде-бір камерадан көрінбеді, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Бұл асығыс әрекеттер кезінде тек Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің орынбасары, полиция подполковнигі Әлібек Салатов салқын көзқарасы мен темірдей сабырлылығымен ерекшеленді. Ұрлық туралы айтқан қыздың сөздерінің бір-біріне ұқсамайтыны оның күдігін тудырды. Кейбір сұрақтарға жауап бере отырып, қыз полковникті алдай алмайтынын түсініп, жылап жіберіп, шындықты айтып берді. Белгілі болғандай, студентке 100 мың теңгені әжесі несие төлеу үшін берген. Ал қыз бұл ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Отбасымен ұрыспас үшін ол ұрлық оқиғасын ойдан шығарған.
«Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін «жәбірленуші» жауапқа тартылды, оған 30 АЕК (117 960 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Мұндай әзілдер мен ойындардың басқа адамдардың қауіпсіздігін және жедел жәрдем қызметтіне қауіпк төндіруі мүмкін екенін түсіну маңызды», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық