«20 мың террорист»: Тимур Дәнебаевты азаптаған 12 адамның соты өтіп жатыр
Коллаж: Orda.kz
2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыға «20 мың террорист келгені» жайлы мәлімдемесі үшін президент Тоқаевқа қарсы қылмыстық іс қозғауға тырысқан Тимур Дәнебаев 2022 жылы ұсталып, 2023 жылы маусымда араздық тудырды деп 3 жылға сотталған болатын. Кейін Атбасар түрмесінде оны түрме қызметкерлері азаптады. Қазір Атбасар қаласында сотталушыларды азаптаған 12 қызметкердің соты өтіп жатыр. Оларға №1 мекемеде 41 адамға қатыгездік көрсеткені үшін айып тағылды.
Orda.kz Тимур Дәнебаевтың ағасы, сотта жәбірленушінің өкілі ретінде қатысып жүрген Марат Дәнебаевқа хабарласып, мән-жайды сұрастырды.
Марат Дәнебаев әуелі түрмедегі жағдайды, бауырының көрген азабы жайлы баяндап берді.
«Отырған жерінде санитарлық талаптар сақталмаған, суық, сыз. Зорлық-зомбылықтың барлық түрі бар. Ұрып-соғу, бүйрекке болмаса дененің басқа жағына соққы жасайды. Інімді бүкіл жылы киімдерін тартып алып, суықпен қинаған. Оған миы шайқалды деген диагноз қойылды. Тіпті жартылай ес-түссіз күйде суық еденде жатқан кезі болған. Суықтан өліп қалмау үшін екі күн бойы еденде жатқаннан кейін, камера ішінде жылыну үшін айналып жүруіне тура келді. Ол кішкентай камерада 16 сағат бойы шеңбер жасап жүріп шықты, түрменің жұқа киімінің астына қағаз төсеп жылынуға тырысқан. Миы шайқалғаннан кейін оның денсаулығында эпилепсиялық ұстама пайда болатындай қауіп төнді. Сыртқа ірің мен қан ағып тұрған жамбасқа дренаж қойылды. Бірақ сол үшін ешқандай медициналық көмек көрсетілмеді, сондай-ақ психологиялық қолдау да болған жоқ. Дренаж қойылды, бірақ одан ары қарай ешқандай ем жасалмады. Тимур бұл әрекеттерді әділетсіздік деп есептейді. Бұл – биліктің азаптаушылары», — деді Тимур Дәнебаев.
Ол сондай-ақ түрме қызметкерлерінің басынғанын, себепсіз қорлағанын айтты. Сонымен қатар Тимур физикалық тұрғыдан ғана емес психологиялық тұрғыдан да ауыр соққы алған.
«Бір қосарым – Тимурдың физикалық жарақаттарымен қатар психологиялық та ауыр жарақаты бар. Оны ұрып-соққандары немесе қорлағандары туралы ылғи түс көреді. Сол оқиғаларды айтқан сайын қатты күйзеледі. Сонымен қатар, оның 2-дәрежелі созылмалы тік ішек ауруы бар. Себебі жамбасынан ұрып-соққан, анустан қан кеткен. Денсаулығы жақсы адамды олар осылай ауру адамға айналдырып отыр», — деді Марат Дәнебаев.
Оның сөзінше тек жарияланып кеткен бейнежазбадағы адамдар ғана сотталғалы отыр.
«Ешқандай үміт жоқ. Әділ жүйеге сенбейміз. Бұл іс көптің осы оқиғаға назар аударғанынан соң ғана қозғалды. Соның өзінде бәрібір әділетсіз болғалы отыр. Себебі кінәлілердің көбі жазадан құтылып кеткен. Оның ішінде түрме басшылары, прокуратура, полиция және әскери қызметкерлер бар. Олар бұл азаптаулардың барлығын біліп отыр. Видеоларды көрді. Бірақ бұл бейнежазбалар қоғам назарына шығып кеткенге дейін ештеңе істемеді. Қазір тек бейнежазбаларда көрсетілгендерді ғана соттағалы отыр. Ал кінәлілер одан да көп», — деді Марат Дәнебаев.
Еуропарламент Орталық Азияға арналған қарарында Тимур Дәнебаевты саяси тұтқындардың бірі ретінде атап, оны босатуға шақырды. Бұған дейін Тимур Дәнебаев Еуропа парламентінен көмек сұрады.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың 7 қаңтарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ескертусіз оқ атуға бұйрық берді. Кейіннен өз мәлімдемесінде елге «20 мың террорист кіргенін» айтты. Сол жылдың маусым айында бұл бұл көрсеткішті құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары келтіргенін мәлімдеп, мұндай қайғылы оқиға қайталанбайтынына сенімді екенін айтты.
Жаңалықтар
- Тікелей эфирде қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны cотталды
- Еліміздің сыртқы істер министрлігі бірқатар қажет емес міндеттен құтылды
- Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі марқұм Бабақұмаровтың ісі сотқа жолданды
- Ақтау полицейлері Каспий теңізіне батып кете жаздаған жасөспірімді аман алып қалды
- Гүлнәр Бажкенованың адвокатын лицензиясынан айырмақ: Алғашқы отырыс дауға ұласты
- Yenlik Colors ән жобасына қатысатын алғашқы қазақстандық әнші белгілі болды
- Қарағандыда қылмыстық топ балалар үйініндегі жастардан 10 млн теңге ақша бопсалаған
- Бәсекелесі жоқ ірі компанияларға тиесілі 800 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Ирандағы нарызылық кезінде қаза тапқандар саны 500-ден асты
- Астанада жедел жәрдем басшылары 850 млн теңге жымқырған
- Ханзада Эндрюдің сарайы: Құлыбаевтың өкілі BBC-ге қарсы сотқа жүгінбекші
- СҚО-да жеке тұрғын үйдегі өрттен ер адам мен баласы көз жұмды
- Танымал блогер Қамза Қайсар іздеуде жүр
- Мүфтият марқұмдардың бейнесін жандандыратын қосымшаға рұқсат берді
- Шекарада шетелдіктердің заңсыз тауар кіргізуіне көмектескен қазақстандықтар ұсталды
- Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген ер адамға іздеу салынды
- Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті етіп тағайындады
- Астанадағы 61 құрылыс компаниясы тұрғын үйді заңды белден басып сатқан
- Қу түлкі Астана маңында бір шана балықты олжаламақшы болды
- Қазақстандықтар шетелмен де трансшекаралық QR-төлем жасайды