19 жастағы сарбаз әскердегі қысым туралы айтып берді
Фото: azh.kz
Атыраудағы № 2016 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан Медет Амангелдіні ұрып-соққан. Бірақ әскери бөлімдегілер сарбаздың туыстарына «Медеттің есі ауысып, ішіне жын кірген» деп хабарлаған.
Ақ Жайық мәліметінше, Медеттің әкесі ұлының соққы алғанына бір апта болғанын, бірақ әлі ауруханаға апарып, басын МРТ-ға түсірмегенін айтты. Сондай-ақ, әскерилер дәрігерлермен келісіп, шынайы диагнозын жасыруы мүмкін дейді.
ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Ғалымжан Дүйсов жағдайға түсінік бере алмайтынын мәлімдеді. Алайда ол 15 шілде күні Медеттің ата-анасына балаларының медициналық көмекке мұқтаж екенін айтқан.
Медеттің анасы Дина Мергенбаева ұлының өте әлсіз, сөйлей алмайтынын айтты. Ол 9 шілдеде ұлы Медетпен ұялы телефон арқылы сөйлескен. Медет бәрі дұрыс екенін айтқан.
Медеттің інісінің айтуынша, Медет өзін кім, не үшін ұрғанын баяндаған бейнежазба бар. Бейнежазбада Медет туған күнін тойлағаны үшін таяқ жегенін айтады. Кейін бір капитан «ішімде жын бар» деп айтуға көндірген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық