«182 мың теңге үшін»: Теміртауда қылмыскер әйел 3 жылға сотталды
Фото: freepik.com
Теміртауда әйел қайтыс болған адамның банк картасын ұрлаған. Сотталушы криминалист болып шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотталушы полиция басқармасында криминалист болып қызмет атқарған. Ол қызмет бабымен мәйіт табылған пәтерге барған. Криминалист тексеріс кезінде марқұмның атына рәсімделген банк картасы мен бір параққа жазылған құпия кодты тауып алады. Оқиға орнынан кеткеннен кейін банкоматқа барған. Есепшоттан 182 000 теңгені шығарып, өз қажеттілігіне жұмсаған.
Жәбірленуші тарап қылмыстық істі тоқтатуды сұраған. Себебі материалдық шығын толығымен өтелген. Сотталушының жасаған ісіне өкінетінін айтып, бұрын сотталмағанын және асырауында 3 кәмелетке толмаған жас баласы бар екенін алыға тартып, сот үкімін жеңілдетуді сұрады. Сот шешімімен Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс тоқтатылды.
Дегенмен 361-баптың 2-1-бөлігі (лаузымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану) бойынша криминалист әйел кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық