«180 мың теңге аламыз»: Жамбыл облысының фельдшерлері де президентке үн қатты
Фото: Orda.kz/Ольга Ибраева
Шу ауданының Төле би ауылының жедел жәрдем қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Денсаулық сақтау министріне, депутаттарға және қоғамға үндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Фельдшерлер лайықты еңбекақы мен жұмысқа сай жағдай талап етеді. Қазір олар айына шамамен 180 мың теңге алып отыр.
«Қағаз жүзінде» фельдшерлер 400–450 мың теңге алуы керек. Бірақ мұнда отырғандардың ешқайсысы ондай жалақы көріп отырған жоқ. Бәрінің отбасылары бар, жалақының жартысы несиеге кетеді, қалғаны балабақшаға. Айтарлықтай ештеңе қалмайды. Біз жұмысымызды жақсы көреміз және оны адал атқарамыз, әр шақыртуға уақытында шығамыз. Еңбекақымызды көтеруді сұраймыз» деп жазылған үндеуде.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, мардымсыз жалақы алатындықтан көпшілігі қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Ал шақыртуға шыққанда олар пациент таңдамайды және не күтіп тұрғанын білмейді. Станцияның өз ғимараты жоқ, жалға алынған орынжай суық, тіпті жарық та жиі өшіріледі.
Бұл үндеуге жергілікті денсаулық сақтау басқармасы жауап берді. Шенеуніктер фельдшерлердің орташа жалақысы ҚР Үкіметінің №1193 қаулысына сәйкес есептелетінін және шынымен де 190–240 мың теңге көлемінде екенін еске салды. Еңбекақы көлемі айлық жұмыс уақытына, еңбек өтіліне және біліктілік санатына байланысты.
Қазір бөлім СПИД-пен күрес орталығының ғимаратында орналасқан. 2026 жылдың басында жедел жәрдем станциясын жергілікті билік ұсынған басқа нысанға көшіру жоспарланып отыр.
Бұған дейін Теміртау фельдшерлері басшылыққа қарсы шыққан еді. Олар зиянды әрі қауіпті жағдайда тиын-тебенге жұмыс істегеніне шаршағанын айтқан.
Медиктер:
- жұмысқа қауіпсіз, жеткілікті және лайықты жағдай жасауды;
- жүктеме мен тәуекелге сәйкес адал, лайықты еңбекақы бекітуді;
- мамандыққа лайықты құрметпен қарауды талап еткен болатын.
Көкшетауда да осындай жағдай қалыптасқан. Онда жедел жәрдем қызметкерлері төмен жалақыдан бөлек, станцияда дұрыс жылыту жүйесінің жоқтығына және ескірген автопаркке шағымданды.
Медицина қызметкерлерінің шағымдары аясында Денсаулық сақтау министрінің бейнесі қоғам назарынан түспей келеді. Әлеуметтік желі қолданушылары мен басқалар Ақмарал Әлназарованың қымбат киімдерін жиі сынға алады. Министрдің люкс брендтерді жақсы көретіні — әр жұрт алдына шыққан кезде талқыланып жатады. Алайда айына шамамен бір миллион теңге жалақымен мұндай сән-салтанатты қалай көтере алатыны туралы сұраққа әлі күнге дейін жауап жоқ.
Еске салсақ, 8 қараша күні Астанадағы Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционерлік қондырғы құлаған кезде жарақат алған жедел жәрдем фельдшері қайтыс болды.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген тексерістер барысында заңды белден басып жұмыс істеген процедуралық кабинеттер анықталды. Кабинеттер лицензиясыз, рұқсатсыз және құжатсыз жұмыс істегендіктен, пациенттердің денсаулығына қатер төндірген. Олардың шамамен 250-і өз еркімен жабылды.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді