«18 жастағылар да бар»: 2 млрд теңге несиесі бар азамат банкроттыққа өтініш берген
Банкроттыққа өтініш берген азаматтар туралы ақпарат тарады. Олардың арасында 18 жасқа енді толғандар да бар, деп хабарлайды Orda.kz.
37 жастағы Бауыржан Балықбаев банкке 2 млн теңге қарыз. Қомақты қаржыны осыдан 10 жыл бұрын үйлену тойын атап өту үшін алған. Кейіннен жол апатына түсіп, төсек тартып қалған соң, қарыз мөлшері өсе берген. Есепшоты бұғатталып, ресми жұмысқа орналаса алмаған. Банкроттыққа бір ай бұрын ғана өтініш берді.
Дәл осылай қарызын мүлдем өтей алмай жүрген 131 мың адам өзін «банкрот» деп тануға өтінім берген.
Көбі Алматы қаласы мен Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары екен. Орташа жас - 40-42.
«Өтініштің мақұлданбауының бірнеше себебі бір. 69 мың адам 12 ай бойы төлем жасалмаған деген талапқа сай келмеді. Одан бөлек, жеке мүлкі қарызы 5 жарым млн теңгеден асқан азаматтар да бар. Несие қарызын өтей алмай жүргендер арасында 18 жасқа енді толғандар да бар. Дәл осындай 38 азамат өтінім берген. Мың теңгедей берешегі бар азаматтар да «банкрот» деп танылғысы келеді. Ал Астана тұрғыны 2 млрд теңгесін кешіруді өтінген. Қазір ол банкпен соттасып жатыр», - дейді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 17 мыңнан аса адам банкроттыққа өтініш бергенін хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық