18 қарашаға ауа райы болжамы: барлық облысқа дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Солтүстік-батыс циклон Қазақстан аумағына өз әсерін сақтап, өзімен бірге қар әкеледі. Республиканың оңтүстігі мен шығысында – қалың қар жауады, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста – бұрқасын соғады, оңтүстікте – көктайғақ болады. Тек Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады» делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.
Түркістан облысының басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұрқасын соғады, оңтүстікте тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының желдің күші 15-20 м/с, бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең – қар жауады.
Түнде Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұрқасын болып, жел 18 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, солтүстікте тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ, солтүстікте тұман күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді