17 жыл құлдықта болған Құндыздың тағы азапталғаны белгілі болды
Фото: instagram/ @ruslan_utepbai
Әлеуметтік желіде жарияланған суретте еденде жатқан қыздың қол-аяғын байлап, аузын скотчпен жапқан жетімнің қамқоршысына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Желіде резонанс тудырған жағдайға байланысты оқиға орнына барған журналист Руслан Өтепбай мән-жайды жәбірленушінің өзінен анықтаған. Құндыздың айтуынша, ол қол-аяғы байлаулы күйде жатқан сәтте оның қамқоршысы Зулфия Төленова үйде болған. Ал Зулфия Төленова бұл мәлімдемені жоққа шығарып, сол кезде үйде болмағанын және мұндай жағдайдан бейхабар екенін айтты. Руслан Өтепбай жәбірленушінің сөзін жоққа шығаратын негіз көрмей тұрғанын айтты.
Аталған дерекке қатысты құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 110-бабы — «Азаптау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жәбірленуші қазіргі уақытта қауіпсіз жерде екенін және оған қажетті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік,Талдықорғандағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты резонансты істің нүктесі қойылып, сот айыпталушыны 14 жылға соттағанымен марқұмның жақындары бұл шешіммен келіспей, президентке үндеу жолдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық