17 жігіт оқушы қызды зорлаған: Ішкі істер министрі оқиғаға қатысты пікір білдірді
Фото: astanatv.kz
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев он жеті ер адам зорлады деп хабарланған сарыағаштық оқушы қыздың ісіне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– Оны 17 адам зорлағанына сенімдісіздер ме? Қыз жоғалып кетті, бір күн үйінде болған жоқ. Іздестіру кезінде табылып, анасына қайтарылды. Сол күні ешқандай арыз да болған жоқ. Бір тәуліктен соң, «оны 17 жігіт зорлаған» деген арыз түсті. Содан кейін қыздың анасы арыздан бас тартты. Тек бірнеше күннен кейін әлеуметтік желілерде «оқушы қызды 17 ер адам зорлады» деген мәлімдеме пайда болды, - деді Тұрғымбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Министр осы оқиғаға қатысты қандай шешім қабылданатынын да айтты.
– Тексеруге міндеттіміз және жәбірленушіге қатысты бірқатар медициналық тексерулер жүргізілуде. Осы тексерудің қорытындысы бойынша шешім қабылданады, - деді ол.
Еске салайық, Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды 17 адамның зорлағаны хабарланған еді. Жан түршігерлік оқиға осы жылдың маусым айында болған, бірақ баспасөз беттерінде жақын арада жария болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық