17 жастағы қазақстандық шахматшы қыз әлем чемпионы атанды
Фото: Bibisarachess.kz.
17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанды.
Vesti.kz мәліметіне сәйкес, Бибісара Асаубаева әлемдік шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанды. Әлем чемпионаты Варшавада (Польша) өтуде.
Турнирдің басынан-ақ қазақстандық қыз қарсыластарынан басым түсіп, ойын аяқталуға бір тур қалғанда жеңіске жетті.
28 желтоқсанда Асаубаева рапид (шапшаң) шахматтан екінші орын алды: шешуші ойындарда Бибісара тәжірибелі грузиялық шахматшы Нана Дзагнидзені, отандасы Әсел Серікбайды жеңіп, ресейлік халықаралық гроссмейстер Александра Костенюкпен тең түсті.
Қорытынды блиц-кестеде екінші орынды екі күн бұрын шахматтан әлем чемпионы атанған ресейлік Александра Костенюк иеленсе, Ресейдің тағы бір өкілі Валентина Гунина үшінші орынды иеленді.
Бұған дейін қазақстандық спортшы классикалық шахматтан 8, 10, 12 және 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы, 7, 9 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында әлем чемпионы атанған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық