17 бала ұрлап сатқан әйел өлім жазасына кесілді
Фото: Envanto
Қытайда 17 бала ұрлап, сатқан әйел өлім жазасына кесілді, деп хабарлады Orda.kz.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінде сот Юй Хуаинді 1993-1996 жылдар аралығында Гуйчжоу мен Чунцин қалаларынан 11 баланы ұрлап, Хандан қаласына сатқаны үшін кінәлі деп тауып, өлім жазасына кесті.
Үкімді Гуйчжоу провинциясының Гуйян қалалық аралық халық соты шығарды.
Сотталушы мен оның кейін қайтыс болған сыбайласы пайда табу мақсатында балаларды сатқан. Үкім жарияланғаннан кейін ол шешімге шағымданды.
2023 жылдың қарашасында Гуйчжоу провинциясының жоғары халық соты айыпталушының шағымын қайта қарап, 2024 жылдың қаңтарында полиция Юй Хуаиннің бала саудасынан басқа да істерге қатысы барын анықтағаннан кейін істі қайта қарауды бұйырды.
Содан бері бұл іске қатысы бар балалар саны 11-ден 17-ге дейін өсті. Оларды 12 отбасынан ұрлап әкеткен, оның бесеуі бірден екі баласынан айырылған.
Юй Хуаин өлім жазасына кесілді. Сондай-ақ оның барлық жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойына саяси құқықтарынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық