17-21 мамырға кино шолу: пандемия кезіндегі киноның жағдайы
Бәріміз білетіндей пандемия салдарынан көптеген салалар шығынға батты, оның бірі – отандық киноиндустрия. 2020 жылдың наурызынан бастап көрермендер назарына ұсынылған фильмдердің саны едәуір азайды.
Orda.kz редакциясы жағдайдың қиындығына қарамастан өз оқырманына апталық кино шолуды ұсынады.
Кино шолу отандық 3 үздік туындыны қамтиды:
ПИЗНЕСМЕН ҚАНАТ

ПИЗНЕСМЕН ҚАНАТ – 2021 жылы мамырда YouTube платформасы арқылы көрерменге жол тартқан хикаяның бүгінде тек 3 бөлімі шыққан. Ол бүгінде 1,5 млн-ға жуық өзінің тұрақты аудиториясын жинаған. Хикаяның жаңа бөлімдері жұма күндері шығып отыр. Әр бөлімнің хронометражы шамамен 15 минут. Жанры – комедия.
Айта кетсек, 10 наурызда басталған түсірілімге 14 күн кеткен.
Сипаттамасы: Қанаттың отбасы карантин кесірінен табыссыз қалады: театрлар белгісіз уақытқа жабылды, шоулар бұрындағыдай түсірілмейді, тіпті тойлар да жоқ. Қарыздан құтылу үшін әртіс өз кәсібін ашуды жоспарлайды.
ГДЕ МОЕ КОЛЬЦО?

ГДЕ МОЕ КОЛЬЦО? («Менің сақинам қайда?») – үлкен экранда 2021 жылдың 20 мамырында көрермен назарына ұсынылды. Жанры – комедия. Хронометражы 1 сағат 28 минут.
Сипаттамасы: Көктемнің шуақты күнінде үлкен ұрлық орын алады. Белгісіз біреу ескі сақинаны ұрлап кетеді. Полиция бірден күдіктінің артына түседі, алайда ұры қашып үлгереді. Қуғыннан қашып жүріп қылмыскер сақинаны гүл сататын дүкеннің бір шоқ гүліне тығып кетеді.
Маха (Құмар Лұқманов) және Рус (Нұрсұлтан Жақсыген) өз клиенттеріне тапсырыстарын жеткізіп, күні бойы қуантады. Тек Асқарды (Айқын Төлепберген) емес. Жақында оның өмірінде шешімді өзгеріс болуға тиіс. Ол 5 жыл бірге болған сүйіктісіне маңызды хабар айтуы керек. Сондай-ақ, Асқар жақында гүл сататын дүкен ашты.
ЖЕЛТАЯ КОШКА

ЖЕЛТАЯ КОШКА («Сары мысық»)– Қазақстан мен Францияның бірігіп түсірген киносы 2020 жылы 10 қыркүйекте әлемде көрсетілген. Хронометражы 1 сағат 30 минут. Жанры – драма, криминал.
Фильм бұған дейін Венеция кинофестивальінде «Үздік фильм» номинациясы бойынша және Ника фестивальінде «ТМД және Балтық елдерінің үздік фильмі» номинациясы бойынша марапатталған.
Сипаттамасы: Кермек түрмеден шыққаннан кейін туған жеріне оралып, бәрінің өзгергенін көреді. Енді қаланы өзінің аяусыз ережелерін орнатқан қылмыстық топ басқарады. Сүйіктісі Ева осы топтың қысымымен жолынан тайып, өмірде адасып қалады. Ал Кермек болса, осы кезде қылмысқа белшенесінен батады.
Алайда, оның арманы бар. Ол сүйіктісімен бірге қашып кетіп, кинотеатр ашқысы келеді. Ол не болсада арманын шындыққа айналдыруға бел буады.
Фильм ТМД халықаралық жас кинематографистерге арналған «Содружество» халықаралық киномектебінің бесінші маусымында көрсетіледі. Ол 2021 жылы 26 мамыр мен 2 маусым аралығында Батуми қаласында өтеді. Оған посткеңестік кеңістіктің кинематографистері түсірген өткен маусымдағы ең танымал фильмдердің премьералары болады. Шараға 60-тан астам адам қатысады.
«Содружество» киномектебіне ТМД-ға мүше мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры (IFES) қолдау көрсетеді. Кино мектептің ұйымдастырушысы - «М Премьера».
Orda.kz редакциясы оқырмандарына көптеген фильмдердің қашан жарыққа шығатыны әлі де белгісіз болып тұрғанын еске салғысы келеді. Алайда редакция сүйікті оқырмандарына апта сайын кино шолу жасап, фильм мен көрермен арасында байланыс орнатуға барынша ат салысады.
Көрілім көңіліңізден шықсын!
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық