160 қылмыскер ұсталды және 2 есірткі зертханасы жойылды
Қараша айының басынан бері ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті қызметкерлері 160 адамды ұстап, ірі көлемдегі есірткі тәркіледі.
Полицияның мәліметінше, синтетикалық есірткі шығаратын екі есірткі зертханасы жойылған.
Ақпарат бойынша, Алматы қаласының қызметкерлері Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады, олардың көлігінің ішінен Алматыға кейін сату үшін алып бара жатқан 152 келі гашиш тәркіленді.
Алматы полицейлері 24 жастағы қала тұрғынын ұстады, оның көлігінен 1,2 келі мефедрон психотроптық затын тәркіледі. Семейлік есірткі полицейлері интернет-дүкенде есірткі қоймашы болып жұмыс істейтін Павлодар облысының екі тұрғынын ұстады, олардан бір келі а-ПВП психотроптық заты тәркіленді.
Алматы қаласының тұрғыны есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін ұсталып, оның жалға алған пәтерін тінту кезінде есірткі өндіруге арналған құрал-жабдықтар мен екі шыны колба, канистрлер және 1,5 келі мефедрон табылып, тәркіленді. 16 қарашада Алматы облысы Ұзынағаш ауылында полицейлер есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматының екі тұрғынын ұстады.
Үйдің аумағында орналасқан контейнерді тінту кезінде үш тоннадан астам прекурсорлар, электронды таразылар, реактор, шыны колбалар және 30 келі мефедрон психотроптық затының дайын өнімдері тәркіленді.
«Жалпы қараша айының басынан бері ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 208 келі түрлі есірткіні тәркіледі», - деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық