«160 адам із-түзсіз жоғалды»: Жойқын зілзала құрбандары 3600-ге жетті
Фото: apnews.com
Мьянмада болған жойқын зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 3600-ге жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
28 наурызда Мьянмада 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Апат елдің тұтас аймақтарын қиратып, көршілес Таиландқа да әсер етті. Жер сілкінісі Бангладеш, Үндістан, Лаос, Қытай сияқты бірнеше елде сезілген.
Зілзаладан тұрғын үйлер мен ғимараттар қирап, 3600 адам қаза тапты, 5017 адам жарақат алды. Тағы 160 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінге дейін 89 афтершок тіркелген. Олардың қуаты 2,8-ден 7,5 балға дейін жеткен. Қирандылар астында қалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы зілзала салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдап, премьер-министр Мин Аун Хлайнға және қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық