16 желтоқсан: Алматы қаласындағы митинг
Фото: Orda.kz
Бүгін 16 желтоқсан. Қазақстанның түкпір-түкпірінде тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі тойланып жатыр. Осы уақытта «Демократиялық партия» бастамашыл тобы Желтоқсан және Жаңаөзен құрбандарын еске алу үшін Тәуелсіздік монументіне келді.
Сағат 12:00. Наурызбай батыр мен Сәтбаев, Желтоқсан көшелері жабық. Бұл жерде 50-60 адам жиналып тұр. Қатарында Жанболат Мамай бастаған Демократиялық партия белсенділері және желтоқсаншылар бар.

– Бүгін Қазақстанда қаралы күн деп айтуға болады. Осыдан 10 жыл бұрын бейбіт жүрген Жаңаөзеннің мұнайшыларын қырып салды. Назарбаевтың полициялары оларды қуалап жүріп, оқ жаудырды. Қанша отбасының шаңырағы ортасына түсті. Тәуелсіз Қазақстандағы ең қасіретті оқиға Жағаөзен қырғыны екенін білеміз. Оны ұйымдастырғандарды кешірмейміз. Сол кездегі қырғынға жауапты адам – сол уақыттағы Ішкі істер минситрі Қалмұханбет Қасымов. Өйткені, оның «Жаңаөзеннің қасапшысы» деген атағы бар. Біздің ойымызша, Жаңаөзен қырғынына жауапты адамдар сотқа тартылуы керек. Сол кездегі Маңғыстау облысының әкімі болған Қырымбек Көшербаевтан бастап, тәртіп сақшылары жауапқа тартылуы тиіс. Бұл той тойлайтын, қуанатын күн емес. Қазір біз боздақтарға құран оқып, Тәуелсіздік монументіне барамыз. Билік бізден қорқып, бәрін жауып тастаған, - дейді «Демократиялық партия» құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі, саясаткер Жанболат Мамай.
Жиналғандардың қолдарында плакаттар бар. Кейбірінде «Жаңаөзен – 2011», «Желтоқсан – 1986» деп жазылған. Жанболат Мамай «бүгінгі күнді қан төгілген күн ретінде еске аламыз» деді. Жанболат Мамай және оның 45-ке жуық жақтастары Мира көшесіндегі ескерткіш маңында Жаңаөзен оқиғасы туралы плакаттар ілді.

Сағат 12:20. Жиналғандар «Жаңаөзен – Желтоқсан! Шал кет» деп ұрандатты. Сондай-ақ, Жаңаөзен туралы бар шындықты айтайық деп айғайлады. Бата кезінде Арон Атабек туралы да айтылды.

Сағат 13:05. Жиналғандар Тәуелсіздік монументінің алдына келді. Плакат ұстап, шерулетіп келе жатқандар «Назарбаев кет» деп айқайлап жатыр.
Адамдар монумент алдына тұрып кезек-кезек дыбыс ұлғайтқышпен сөйлеп жатыр.
– Бүгін келген адамдардың үрейі ұшты. Алматының орталығын жауып тастау Қазақстан сияқты авторитарлы мемлекетте ғана болатын масқара жұмыс. Егер биліктің демократиялық жолмен келгені рас болса, мұндай бейберекеттікке жол бермес еді. Олардың сенетіні күштік құрылымдар. Әділетті сайлау өтсін. Әділетті сайлауда «Нұр отанның» жеңетін бір де бір мүмкіндігі жоқ. Әбден шегіне жетті. Ақшаны офшорға аударып, байлықты тонап бітті, - деді Жанболат Мамай.
Сағат 13:17. Сәтбаев-Фурманов, Тимирязев-Абай көшелері аумағында жол қозғалысы шектелді. Мобильді интернет толығымен бұғатталды.

Сағат 13:30. Мешіт қызметкері келіп құран оқыды. Соңында белсенді Жанболат Мамай сөз сөйледі. Құран бағышталған соң, алаңға жиналғандар тарқады.
Алаңнан ақпарат таратқандар: Бек Байтас, Асан Анарбай.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық