16 жастағы ұлынан айырылған ақын Серікзат Дүйсенғазы ел алдында сөз сөйледі
Таяуда ақын Серікзат Дүйсенғазының жасөспірім ұлы Әлихан қайтыс болған еді. Қайғыдан қан жұтқан әке баласын жер қойнына тапсырғаннан кейін жиналған жұрттың алдында сөз сөйледі.
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
Қапыда ұлынан айырылған ақынның бейнежазбасын әріптесі Балғынбек Имашев өзінің жеке парақшасына жүктеген. Видеода Серікзат Дүйсенғазы дүйім жұрттың алдында көзіне жас алып, марқұм ұлының қазасы қабырғасына қатты батқанын айтқан.
– Алла перзентпен сынамасын. Перзентпен сынаған ауыр екен. Осыны екі күн болды бастан өткеріп жатырмын. Бірақ мені ұстап қалған нәрсе — менің сынақ жолым. Менің осы мешітке келіп намаз оқыған иманым. Әйтпесе, мен осы кезде бар ма едім, жоқ па едім. Мен тіпті сол күні Әлиханмен бірге кетіп те қалар ма едім ана дүниеге. Сондай адамдар болыпты. Сондықтан енді Құдай сақтасын деп, өз-өзіме келіп, кәлимамды айтып, шүкіршілігімді айттым. Баламның тілі кәлимаға келген бала ғой, жәннат нәсіп етсін деп жатырмыз, – деді Серікзат Дүйсенғазы.
Балғынбек Имашев қабырғасы қайысқан әріптесінің қайғысына ортақ екенін айтып, өлең жолдары арқылы көңіл айтқан.
«Бауыр-етің балаңдай бөлшегіңді ап,
Тас төбеңнен жай түсті-ау, Ер Серікзат!
Білмейміз ғой жоғалтпай қадір-құнын,
Тіріде — арзан, адамдар, өлсе — қымбат.
Бауырыңнан бел балаң — бөлшегіңді ап,
Бауыр-етің езілді-ау, Ер Серікзат.
Раббың саған ең көркем сабыр берсін,
Болған іске болаттай бол, Серікзат!», – деп Балғынбек Имашев өлең жолдарын арнапты.
Дәл осы жазбаны көрген көпшілік ұлынан айырылған ақынға көңіл айтып, жұбату сөздерін жазып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін Серікзат Дүйсенғазының 16 жастағы ұлының қазасы туралы белгілі болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық