159 миллион теңге айыппұл салынса да елордалық нысандар талаптарды бұзуда
Қала билігі тұрғындар мен қонақтарды, сонымен қатар кәсіпкерлік нысандарды санитарлық нормаларды және карантин режимі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері карантин бұзған 786 жеке және заңды тұлға 159 миллион теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Orda.kz. әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Әкімдік сайтының хабарлауынша, елорданың мониторингтік топтары карантин тәртібін бұзған кәсіпкерлік нысандарды анықтауды жалғастыруда, жұмыс тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп отыр.
Көптеген өтініш-ескертулерге және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынына қарамастан кейбір мекемелер жұмыс режимін сақтау жөніндегі талаптарды әлі күнге дейін елемейді. Көпшілік арасында бұқаралық іс-шаралар өткізеді, ал қызметкерлері бетперде тақпайды.
Оған мысал - 16 шілдеде елордада карантин шектеулерін бұзған 8 кәсіпкерлік нысаны анықталған.
Сарыарқа ауданында белгіленген уақыттан кейін «Pei Zdes» лаундж-бары, «Атом» компьютерлік клубы және «Угол 4/1» бары жұмыс істеді.
Алматы ауданында орналасқан «Киш Миш» кафесінде, «Какие люди» барында, «Эхо» клубында да жұмыс режимі бұзылған.
Есіл ауданындағы «Inforno» мейрамханасы мен «VZлетный» ресто-бары сағат 22.00-ден кейін келушілерді қабылдаған. Ал «VZлетный» тіпті кальян шегу қызметіне жол берген.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.
Жыл басынан бері елордада шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 159 миллион теңгеге 786 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық