15 жастағы «Ақтөбе» футболшысы Арон Мұса газға тұншығып қайтыс болды
Фото «Ақтөбе» командасының Instagram парақшасынан алынды
Ақтөбеде жергілікті футбол клубының 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жасөспірімнің көмірқышқыл газына уланып қайтыс болғаны анықталды. Спортшының қазасы туралы футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Кеше QJ league турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының ойыншысы, 15-жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы орнады. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», деп мәлімдеді футбол клубының баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты нақты растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармады.
«Оқиға туралы хабар кеше кезекші бөлімге түсті. Оқиға орнына келгенде өрт белгілері болмады. Алайда үш адамның денесі табылды», деп түсіндірді Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қазір сараптама тағайындалып, қазаның себебі анықталып жатыр. Полиция тергеу бастаған.
Еске сала кетйік, бұған дейін «Жеңіс» әйелдер командасының футболшысы Виктория Қайсаринова жол апатынан қайтыс болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық