15 жастағы оқушы қызды өлтірген қылмыскер журналистердің үстінен шағым түсірді
Диапазон
2013 жылы Ақтөбеде 15 жастағы оқушы қызды өлтіріп, өмір бойына бас бостандығынан айырылған қылмыскер 2022 жылы журналистер ар-намысыма нұқсан келтірді деп сотқа шағым түсірді.
Ақтөбеде 15 жастағы оқушы қыздың өліміне қатысты жан түршігерлік оқиға күтпеген жерден өрбіді. Диапазон жазғандай, қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған азамат түрмеде 9 жылға жуық отырғаннан кейін кенеттен абыройын қорғамақ болып, сотқа жүгінуге шешім қабылдаған.
Жан түршігерлік қайғылы оқиға 2013 жылдың күзінде болған. Көпқабатты үйдің кіреберісінде жол сөмкесі табылған, оның ішінде оқушы қыздың мәйіті болған. Кейін мамандардың анықтауы бойынша қызды зорлап, тұншықтырып өлтіргені айтылды. Тергеу барысында 25 жастағы қылмыскердің сыбайласы қызды оның пәтеріне алып келгені анықталды. Нәтижесінде досы екі жыл, ал кісі өлтіруші өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Журналистердің айтуынша, сот үкімі жарияланған кезде ер адам бірнеше рет күліп, қол шапалақтаған. Дегенмен ол кінәсін мойындамады.
— Ал енді, сот үкімі шыққаннан кейін 8 жыл өткенде, жас қыздың өлімін жүктеген Сергей Наумцев кенеттен есі кіріп, БАҚ-тағы жарияланымдар оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, оның тұлғасы туралы теріс пікір қалыптастыру үшін жасалған деген қорытындыға келді. Атап айтқанда, қазақстандық БАҚ, соның ішінде «Диапазон» басылымы Наумцевтің әуесқойлық порно түсіргені туралы ақпаратты жазған болатын. Бірақ полиция бұл ақпаратты растамады. Талап арызында ол бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жазған. Оның айтуынша, осы материалға байланысты ол психикалық күйзеліске, эмоционалдық ауытқуларға тап болғанын айтад , - деп жазды газет.
Енді қызды өлтіргені үшін сотталған азамат моральдық шығынды өтеуді, жазылған материалдарды теріске шығаруды және оның барлық суреттерін БАҚ беттерінен алып тастауды талап етеді. Талап арыз Ақтөбедегі азаматтық сотта қаралады, алайда журналистердің бұл сотқа қатысуына тыйым салынды.
Амиржан Мухаммед
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық