«15 жасар қызды зорлау»: Атырауда жазадан құтылып кетпек болған зорлықшы сотталды
Фото: Pixabay
Жазадан жалтарып кеткен Атыраудағы 15 жастағы қызды зорлаған жас жігіт сотталды.
Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышева өзінің instagram парақшасында хабарлады.
Бұған дейін қыз зорлаған күдіктінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтап қалған. Өйткені қос тараптың ата-анасы өзара татуласып, құда-жекжат болуға келіскенін «КТК» арнасы хабарлаған болатын. Бұл оқиға жайлы телеарна бағдарлама түсірді.
Құда болайық дегеннен кейін, жәбірленушінің анасы полицияға жазған арызын қайтарып алыпты. Осыдан кейін қылмыстық іс жабылған.
Алайда кейін анасы қызына күн көрсетпей жатқанын айтып шағымданды.
«Енді ешқандай жазаға тартылмайтынын білген жігіт жақ қызыма күн көрсетпей, үйден қуып жіберді», — деді жәбірленушінің анасы.
Оқиғадан кейін анасы құзырлы органдардан қылмыстық істі қайта қарауын сұраған болатын.
15 жастағы қыз әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітпен жолықты. Анасының сөзінше, айыпты қызды көлігіне отырғызып айдалаға апарып зорлапты. Мектеп оқитын қыз бұл оқиғаны ешкімге айтпаған. Анасы қызының денесіндегі көгерген іздерін көргенде ғана біліпті. Дереу құзырлы органдарға арыз жазыпты.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанда, зорлаған жігіттің туыстары кешірім сұрап келіпті. Тіпті «Балалардың болашағына балта шаппайық, екі жасты қосайық» деп соңғы сөзін айтқан. Алайда қызға күн көрсетпей, ұрып-соққан. Қыз ауруханадан бір-ақ шықты.
Айыпты жігіт 2 жыл 6 айға сотталды. Заңгер Ләззат Рақышева денсаулыққа зиян келтіргені үшін тағы басқа баппен соттау керек еді деп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық