«15 жасар баланы пышақтау»: Қылмыскер еркіндікте тайраңдап жүр
Коллаж Orda.kz
Ер адам пышақтаған 15 жасар жасөспірімнің отбасы құқық қорғау органдарын әрекетсіздік танытып, қылмысты жасырды деп айыптап жатыр. Қазір ол адам бостандықта жүр.
Orda.kz тілшісі баланың туыстарына хабарласып, істің мән-жайын сұрастырды.
Не болды?
Мамырдың кешінде Алматыда тұратын 15 жасар жасөспірім үшін жантүршігерлік жағдай болды. Адвокат Раджан Берсінбаевтың сөзінше, оқиға кезінде баланың досы қасында болған. Ауладағы адамдар қылмыстың куәсі болған. 15 жасар баланы 47 жастағы ер адам пышақтаған. Жақындары кешкі кептеліске қарамастан ауруханаға шұғыл түрде алып барды.
«Ол көп қан жоғалтқандықтан басы айналған: «көзім қарауытып кетті, мама, қорқып тұрмын» деп айтты» — деп еске алады жәбірленушінің апайы Динара Мұратова.
Манас көшесіндегі балалар ауруханасында оған дереу ота жасалды.
Алты сантиметр жараны тігіп, баланы әрең құтқарып қалды. Пышақ жамбас артериясына бірнеше миллиметр жетпей қалыпты. Алты күн ауруханада жатқаннан кейін оны үйіне шығарған, дегенмен жараның ауырлығына қарамастан, сот-медициналық сараптама денсаулыққа «жеңіл» зиян келді деп таныды.

Бұған дейін осы жағдай туралы «Еуразия» телеарнасы айтқан болатын. Жәбірленушінің апайы телеарна қызметкерлері полиция басқармасының «ұстадық» деген сөзіне сеніп, істі ары қарай қазбаламағанын айтады.
Адвокат Раджан Берсінбаев Түріксіб ауданындағы прокуратураға барып осы іс мамыр айынан бері неге тоқтап тұрғанын сұраған болатын. Олар сөз жүзінде «істі жаптық» деп айтыпты. Бұған бірге еріп барған жәбірленушінің апайы наразы болып бейнежазбада сөз сөйледі.
Психологиялық зардап және тергеу ісіндегі немқұрайлылық
Жәбірленуші тарап физикалық жарақат — зиянның бір бөлігі ғана екенін айтады. Сол уақыттан бері жасөспірім посттравматикалық стресс пен ұйқысыздыққа тап болып және көңілі алаң болып жүргенін айтты.
«Психолог маман посттравматикалық стресс белгілерін анықтады,» — деп Динара Мұратова.
Соған қарамастан құқық қорғау органдары тарапынан тергеу әрекеттері көңіл көншітпейді.
«Шабуыл балалар алаңы мен автобус аялдамасының қасында болды, бірақ куәгерлер әлі күнге дейін сұралған жоқ,» — деп атап өтті ол.
Құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі
Тергеу түсініксіз себептермен созылып, күдікті бірінші беттестіруді елемей, жасөспірімге үлкен стресс жасады.
«Менің жиенім ауыр күйзеліске түсті... Қылмыскермен бір бөлмеде болу оған моральдық жағынан ауыр тиді», — дейді әпкесі.
Ол сонымен қатар екінші жасөспірімге де шабуыл жасалғанын, бірақ оның қарсыласып, қашып үлгергенін айтқан, дегенмен бұл да нәтижесіз болды.
Жәбірленушінің отбасы істі жеңіл бапқа ауыстырып қарау мүмкіндігіне байланысты күдіктіні тек бас бостандығын шектеу немесе айыппұлмен құтылып кете ме деп алаңдап отыр.
«Шабуыл жасаған кезде ол мас болған,» — деді әпкесі Динара Мұратова.
Шабуыл көшенің қақ ортасында, қоғамдық жерде болған, сонымен қатар шабуылдаушы жанжал шығарып, пышақ алып, қайтып келген. Осы фактілерге қарамастан, ер адам әлі күнге дейін бостандықта жүр, ал оған қарсы қамауға алу санкциясы қолданылған жоқ.
15 жасар жасөспірімнің отбасы мұндай оқиға қайталанып, күдікті жазасыз қалмауы үшін тергеуді қайта жалғастыруды және кінәліні жауапкершілікке тартуды талап етеді.
Жаңалықтар
- Сербия президенті Александр Вучич Қазақстанға келді: Екі ел арасындағы тауар айналымы 107 млн АҚШ доллардан асты
- Алматыда 180 мың вейп тәркіленді: Іс сотқа жолданды
- Женевадағы АҚШ пен Иран келіссөздері: 440 келі байытылған уран елден шығарылсын
- «Бұрынғыдан да жақсы болады»: Садыр Жапаров Ташиевтің қызметтен кеткенін трагедияға айналдырмауды сұрады
- 32 жыл күткен алтынның бағасы: Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар, екі пәтер және көлік
- Жазда самокатпен жүру тәртібі өзгеріп, қатаң талаптар енгізіледі
- Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов референдум туралы жарияланымдары үшін ұсталды ма?
- Қабырғаны бұзып кірген: Павлодардағы банкті тонады деген 4 күдікті Ресейде ұсталды
- Пезешкиан: Хаменейдің ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі пәтуасы бұзылмайды
- Рим папасы уағыз дайындауда ЖИ қолданбауға шақырды
- Шымкентте 7 жасар қызға мұғалімі азғындық жасады деген шағымнан кейін іс қозғалды
- Биыл БҚО-да су тасқыны бола ма? Мамандар жауап берді
- Қазақстандық блогердің күйеуі сталкиң үшін 25 тәулікке қамалды
- Экс-күйеуінің сұхбаты үшін сотқа жүгінген Дариға Бадықова жеңіліп қалды
- «Қылмыскерді көруге келдіңдер ме?» Нұрлан Сабуров алғашқы концертін берді
- Мұрат Әбділдә түрмеден тіл қатып, ісіне өкінетінін мәлімдеді
- 5-сынып оқушысы мектептегі қысымнан кейін өзіне қол жұмсамақ болды
- «8 келі синтетикалық есірткі алған сәтінде ұсталды». ҰҚК халықаралық есірткі контрабандасы арнасын жойды
- Луврдағы қарақшылық: Мұражайға жаңа басшы тағайындалды
- Зеленский Трамппен нені талқылады?