«15 рет пышақтаған»: 19 жастағы мүгедек жігітті қарыз үшін өлтірген сарбаз сотталды
Фото: Instagram/ ruslan_utepbaі
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 19 жастағы 2-топтағы мүгедек жігітті 15 жерінен пышақтап өлтірген сарбаз 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты ауыл бұзақылары адам аяғы баспайтын жерге апарып, 15 жерінен пышақтап кеткен. Оқиға 20 ақпан күні болған. Ал Жасұланның мәйітін ауыл шопаны араға екі күн салып, 22 ақпан күні байқап, полицияға хабар берген. Көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әскери бөлімнің қызметкері ұсталды. Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы қасақана адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті 2 айға қамауға алынған еді.
Ақыры сот сарбаз Мурод Әбдіжәмиловті 15 жылға соттады. Ал екінші күдікті Диас Ибрагимов 2 жыл 8 айға, Адина Мамаева 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, сотталушы марқұмның атынан ниесие алып, қылмыс болатын күні Жасұланды «қарызды жауып беремін» деп шақырған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық