1,5 миллиард теңге салық төлемеген ақтөбелік кәсіпкер төрт жылға бас бостандығынан айырылды
Кәсіпорын директоры кінәсін мойындамайды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сот ірі көлемде салық төлемеген ақтөбелік кәсіпкерді төрт жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды «Диапазон» басылымы.
Экономикалық тергеу департаменті «АқтөбеЭлектросетьстрой» ЖШС директоры Болат Күшкеновті 2015-2017 жылдар аралығында 1,5 миллиард теңгеге жуық салықты төлемеген деп айыптады. Іс материалдарынан анықталғандай, жауапкер кірістер мен шығыстар туралы декларацияға бұрмаланған мәліметтерді енгізген, шот-фактураларды нақты жұмыс орындамай пайдаланған.
Басылым сотталушының өзі кінәсін мойындамағанын атап өтеді. Күшкенов мемлекеттік сатып алумен жұмыс істегенін, қосалқы мердігерлердің қызметіне жүгінгенін, жалған шот-фактураларды пайдаланбағанын айтты. Айтуынша, ол барлық жұмыстарды атқарған, тауарды жеткізген. Кейін олар іске қосылған нысандардың құрылысында пайдаланылған. Ол соттан адвокаттың барлық уәждерін тексеруді сұрады.
Бірақ сот ЖШС басшысы салықты төлемегені үшін кінәлі деп шешті. Сот Болат Күшкеновті төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі жарияланған соң ол бірден қамауға алынды. Сонымен қатар, сот сотталушыны мемлекетке төленбеген салық сомасына тең – 1 миллиард 491 миллион теңге шығынды өтеуге міндеттеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық