15 қыркүйектен бастап пәтер иелері жертөле мен автотұрақ алаңына да ақы төлейді
Фото: gov.kz
15 қыркүйектен бастап еліміздегі пәтер, кеңсе, қойма және автотұрақ иелері үшін міндетті жаңа төлемдер енгізіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Дәл осы күннен бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға жасалған өзгерістер күшіне енеді.
Енді 15 қыркүйектен бастап бәрі басқаша төлемге көшуі тиіс және бұл төлемдер не үшін алынатынын түсініп алған жөн. Заң бойынша енді үш түрлі төлем болады: ағымдағы төлемдер – кіреберісті тазалау, жарық, лифт жұмысы, ұсақ жөндеу сияқты күнделікті шығындарға арналған, жинақ төлемдер – шатыр, сыртқы қабырға, лифт, құбырлар мен басқа жүйелерді күрделі жөндеуге ақша жинауға арналады.
Одан басқа мақсатты төлемдер бар, ол тұрғындардың ортақ жиналысында шешіледі, мысалы, балалар алаңын орнату немесе ауланы абаттандыру сияқты қосымша шығындарға арналып әр үйде екі банк шоты ашылады.
Сонымен ағымдағы шот күнделікті төлемдер үшін, жинақ шот күрделі жөндеуге ақша жинау үшін, жинақ шоттағы қаражатты тек тұрғындардың ортақ шешімімен және тек жөндеу мақсатында ғана пайдалануға болады.
Бұл төлемдерді пәтер иелерімен қатар қоймалар мен автотұрақ иелері де төлеуге міндетті. Төлем олардың пайдаланып отырған алаңының көлеміне байланысты есептеледі. Ал енді төлем мөлшерін, сондай-ақ үйді күтіп-ұстауға кететін жылдық шығын жоспарын тұрғындар өздері жиналыста бекітеді.
Төлемді есептелген айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жасау қажет, төлем кешіктірілсе, айыппұл (өсімпұл) қосылады, ал қарызды нотариус немесе сот арқылы өндіріп алуға болады,
Ең бастысы мұндай қарыздар ешқашан ескірмейді және жойылмайды, бұған дейін тұрғындар ақшаның қалай жұмсалатынын білмейміз деп жиі шағымданатын. Ал енді әр үйдің жеке ағымдағы «әмияны» мен күрделі жөндеуге арналған «жинақ сандығы» болады және бұл сандықты тек тұрғындардың шешімімен ғана ашуға болады.
2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тұрғын үй көмегіне жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлаған болатын жыл басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық