15 адам мерт болған: «Семей орманындағы» өртке кінәлі лауазымды тұлғалар сотталды
Коллаж: Orda.kz
Бас прокуратураның арнайы прокурорлары «Семей орманы» өртіне қатысты барлық қылмыстық істің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, «Семей орманындағы» өртті сөндіруді қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
«Резерваттың бас директоры міндетін атқарушы мен Новошульбинск филиалының директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберіліп, оның шешімімен фигуранттар 2024 жылғы мамырда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі), әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», деп хабарлады бас прокуратура.
2024 жылғы қазанда келесі қылмыстық іс бойынша Семей қаласының №2 соты резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімі бастығын абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық фактісі бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ былтырғы жылғы қазанда Бородулиха аудандық сотының шешімімен «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК бас директоры міндетін атқарушысына қатысты шешім шығарды. Ол 2 жылға сотталды.
Сонымен қатар экология және табиғи ресурстар министрлігінің, төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері де түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртенген еді. Өрт салдарынан 60 мың гектар орман қоры жойылған. «Семей-Орманы» резерваты Новошульбинск филиалының 15 қызметкері қаза болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық