14 жастағы қызға азғындық жасады деп айыпталған қазақстандықты Ресей елге қайтарды
Фото: Pexels
14 жастағы қызды азғырды деп айыпталған қазақстандық азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресейден елге жеткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанның Бас прокуратурасының мәліметтеріне сүйенсек, 2023 жылдың қыркүйегінде Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде күдікті 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Қылмыс жасағаннан кейін жасырынған және оған халықаралық іздеу жарияланған. 2024 жылдың сәуірінде ол Новосибирск қаласында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні отанына қайтару туралы шешім қабылдады.
«Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», деп мәлімдеді прокуратура.
Жаңалықтар
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады
- Қазақстандағы қылмыстық криптоағындарға соққы: 9,7 млн USDT бұғатталды