14 сәуірге ауа райы болжамы: жел, жаңбыр, тұман
Фото: Pixabay
Синоптиктер 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде.
«Республиканың батыс жартысы циклонның ықпалында болады, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстан Республикасының қалған аумағына антициклон екпіні әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста тұман күтіледі» делінген Қазгидромет хабарламасында.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай күтіледі, оңтүстікте, солтүстікте, орталықта жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз найзағай, тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді, екпіні 17-22 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Түркістан облысының таулы асуларында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық