14 күн бойы шахтаның астында қалып қойған жұмысшы тірі табылды
Фото: Бейнеден кадр
Мексикада су басқан алтын-күміс кенішінде шахтер 14 күннен кейін тірі табылды, деп хабарлайды Orda.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнында әскери сүңгуірлер мен құтқарушылар болды. Олар 25 наурызда опырылған Синалоа штатындағы «Санта-Фе» кенішінің суға толған бөліктерін тазалаумен айналысқан.
Мексика президенті Клаудия Шейнбаум бұл құтқару операциясын жоғары бағалады. Билік өкілдері тағы екі жұмысшының қаза тапқанын, ал тағы бір кеншінің бұған дейін тірі күйде жер бетіне шығарылғанын растады.
Кеніштің опырылуы құрылымдық ақаумен байланыстырылады. Бұл ақау кеніштің су басуына, жер астында төрт адамның қалып қоюына себеп болған. Ал 21 шахтер жер бетіне тез арада шығып үлгерген.
Тірі қалған шахтер кейін тікұшақпен Мазатлан қаласындағы ауруханаға арнайы медициналық көмек алу үшін жеткізілді.
Бұл апат Мексиканың тау-кен өндірісіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселесін қайта көтерді. Себебі бұл салада өліммен аяқталатын оқиғалар әлі де жиі кездеседі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық